Головкин промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырды

Головкин промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырды

Геннадий Головкин мен Эдди Хирн өздерінің GGG Promotions және Matchroom Boxing USA компанияларының ынтымақтастығын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Fightpost-қа сілтеме жасап.

«Менің промоутерлік компаниям және мен, Эдди Хирнмен, сонымен қатар  Matchroom-мен жанкүйерлерге тартымды боксты ұсыну үшін бірлескенімізге қуаныштымыз.  Мен әрқашан бизнесте үздіктермен жұмыс істегеніме қуаныштымын және бұл ынтымақтастық бокс жанкүйерлеріне не әкелетінін тағатсыздана күтемін», - деді Головкин.

«Геннадий Головкиннің болашақ мансабына қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Мен Геннадийді жанкүйер ретінде де, және оның бизнесті қалай жүргізетініне таңғалатынмын. Геннадий - жер шарындағы ең танымал және керемет боксшылардың бірі. Бірігіп жұмыс істеуді тағатсыздан күтемін», - деді Хирн.

Еске сала кетейік, 5 қазанда Головкин IBF чемпиондық титулы үшін Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или