Олег Болтин: Әлем біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын
14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Қазіргі таңда қазақстандық балуандар АІВА базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Аса ауыр салмақта сынға түсетін еркін күрес шебері Олег Болтин әлемдік сынға дайындық барысын әңгімеледі.
<span>«Дайындық жақсы өтіп жатыр. Бірнеше кезең артта қалды, халықаралық додаларда сынға түстік. Бүгінде орта тау деңгейінде жаттығып жатырмыз. Кейін әлем чемпионатына соңғы дайындық кезеңін елордада өткіземіз. </span>
<span>Жаттығу жиынында бапкерлеріміз үлкен қолдау көрсетуде. Менің салмағымда үздік балуандар өте көп. Мені балуандар арасындағы жаңа есім десе де болады. Әрбір қарсыласты зерттеп, әрқайсысына тыңғылықты дайындалатын боламын. Бар күш-жігерім мен әлеуетімді салатыным сөзсіз. Әлем біріншілігі өз елімізде өтетіндіктен, бізге деген жанкүйер сенімі де зор болмақ. Құдай қаласа, Олимпиада ойындарына жолдама аламын деген мақсатым бар. </span>
<span>Олимпиада қарсаңындағы маусымда жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Әзірге мен үшін бұл маусым сәтті өтіп жатыр дей алмаймын. Бірақ әлем чемпионатында жақсы көрсеткіш тіркеу ойымда бар», - дейді Болтин. <br /></span>