Басқа

Тоқаев «Ливерпульді» марапаттаған қазақстандық баланы мақтады

Тоқаев «Ливерпульді» марапаттаған қазақстандық баланы мақтады
news-banner7
mobile-news-top

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жігерлі жас қазақстандық Әли Тұрғанбековқа үндеу жасады, деп жазады Prosports.kz.

Мемлекет басшысы үндеуін Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Екі аяғы жоқ 11 жастағы қазақстандық бала Әли UEFA суперкубогының марапаттау шарасына қатысу мүмкіндігіне ие болған болатын. Ол «Ливерпуль» командасының капитаны Джордан Хендерсонға матч жеңімпаздарына арналған кубокты табыс етті.

- Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли,сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!, - деп жазды Тоқаев.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер