The International турниріне қатысатын барлық командалар Шанхайға жетті

The International турниріне қатысатын барлық командалар Шанхайға жетті

Инсайдер Викрим Редди мәліметі бойынша, Шанхайда өтетін The International 2019 турниріне қатысатын барлық 18 команда толық құраммен келді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Осылайша Dota 2 тәртібінен әлем чемпионатына қатысатын командалар визамен проблемаға ұшырамаған.

Сондай-ақ командалардың келуіне бірнеше күн бұрын басталған «Лекима» тайфуны да кедергі келтірмеген. 

The International турнирінің топтық кезеңі 15 тамыз күні басталады. Жарыстың жүлде қоры 32 миллион долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или