ММА

Қазақстандық файтер АҚШ-тағы алғашқы келісімшартына қол қойды

Қазақстандық файтер АҚШ-тағы алғашқы келісімшартына қол қойды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы Мария Агапова АҚШ-тағы алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды. Енді ол Invicta FC промоушені аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Агапованың өзі Инстаграмдағы парақшасында хабарлады. «Кеше мен Invicta FC-мен келісімшартқа отырдым. Жақында, 6 қыркүйекте мен Канзас қаласында жұдырықтасамын. Бұл жолы Алекс Коннерс менің қарсыласым болады. Кеттік), - деп жазды Мария.

Инвикта промоушені 2012 жылы құрылған. Ұйым тек әйелдер арасында жекпе-жекті ұйымдастырады. Оның негізін қалаушылар - Джанет Мартин мен Шеннон Кнапп. Олар World Fighting Alliance, International Fight League, Affliction Entertainment, UFC және Strikeforce сияқты промоушендік компанияларда жетекші қызметтер атқарған.

Еске сала кетейік, шілде айының соңында Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде Мария Агапова американдық Трейси Кортеспен UFC әлеміндегі ең үлкен жарнамамен келісімшарт жасасу құқығын алу үшін таласқан болатын. Бірақ үш раундтық жекпе-жекте отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер