Басқа

«Red Bull» командасының өкілі алғаш рет Formula 1 іріктеу  кезеңінде жеңіске жетті

«Red Bull» командасының өкілі алғаш рет Formula 1 іріктеу  кезеңінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

«Red Bull» командасының пилоты Макс Ферстаппен «Formula 1» машиналар класы автокөліктер жарысы бойынша әлем чемпионатының 12-кезеңі саналатын Мажарстан Гран-Приінің іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.

21 жастағы спортшы жолды 1 минут 14,572 секундта жүріп өтті, бұл осы тас жолдың рекордына айналды. Бұрынғы рекорд та бұрын «Red Bull» сапында болған «Рено» командасының автошабандозы Даниэль Риккьярдоға (1.20,012) тисілі еді Ол іріктеудің екінші бөліміне өте алмай, 18-орынды місе тұтты. Ферстаппеннің еншісінде «Formula 1» кезеңдерінің жеті жеңісі бар, ол оның екеуін биылғы маусымда ұтып алды.

«Мерседес» командасының мүшесі, финляндиялық Валттери Боттас (+0,018) екінші орын алса, оның әріптесі британиялық Льюис Хэмилтон (+0,197) үшінші орынға ие болды.

Мажарстан гран-приі 4-тамызда өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер