PROспорт-блог

Трансферге көп ақша жұмсаған қазақстандық клубтар

Трансферге көп ақша жұмсаған қазақстандық клубтар
news-banner7
mobile-news-top

Елімізде 26 маусымда басталған жазғы трансферлік терезе аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Беделді transfermarkt.de футбол сайтының деректері бойынша Қазақстанда футболшыларды сатып алуға және жалға алуға тек үш клуб ақша құртқан екен. Олар «Қайрат» (Алматы), «Жетісу» (Талдықорған) және «Тобыл» (Қостанай).

Алматылықтар бәрінен көп ақша жұмсаған. Отандық футбол тәрбиеленушісі Еркебұлан Сейдахметті «Уфадан» 300 мың еуроға сатып алды.

Талдықорғандық клуб бірден төрт ойыншымен толықты. Алайда, тек бір ойыншы үшін ғана ақша төледі. Ол Болгариядан келген шабуылшы Мартин Тошев. Футболшының бағасы 115 мың еуроны құрады.

10 күнде 3 клуб ауыстырды. «Жетісу» 108 млн-ға кімді сатып алды?

«Тобыл» литвалық қорғаушы Витаутас Андриускевичусті жергілікті «Судивадан» 20 мың еуроға сатып алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер