Күрес

Польшада қазақстандық еркін күрес шебері екінші орынға ие болды

Польшада қазақстандық еркін күрес шебері екінші орынға ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Варшавадағы Вацлав Циолковскийді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы бір күміс медаль жеңіп алды және тағы үш балуан жарыстың ақтық белдесуіне шығады, деп хабарлайды Prosports.kz

Бес салмақ дәрежесі бойынша кілемге жеті қазақстандық спортшы шықты. Олардың үшеуі финалға жетті, атап айтсақ 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға Нұрислам Санаев, 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрғали Нұрғаипұлы, 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерғали Әлішер финалға шықты. Ал Ғалымжан Өсербаев екі қарсыласын жеңіп, финалда ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін кілемге 61 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Расул Қалиев пен 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ералы Әбдрашев шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер