Күрес

Ресейлік маман: «Қазақстанда талантты еркін күрес балуандары жетерлік»

Ресейлік маман: «Қазақстанда талантты еркін күрес балуандары жетерлік»
news-banner7
mobile-news-top

Бұрынғы танымал еркін күрес шебері, қазіргі кезде Қазақстан еркін күрес академиясы жаттықтырушысы, ресейлік маман Эдуард Базров алдағы әлем чемпионатында кімнен үміт күтетіні, қазақстандық балуандардың қайсысы алдағы әлемдік біріншілікте ел намысын қорғай алатыны туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz Wrestling.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тамыз айының басында Польшада «Вацлав Циолковский мемориалы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнирді Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңі деуге болады. Польшадағы жарыс бұл күш-қабілетті тексерумен қатар, мықты қарсыластармен белдесуге мүмкіндік беретіні анық. Қазақстанда бәсекеге қабілетті бірнеше салмақ категориялары бар, біздің жігіттер түрлі халықаралық жарыстардағы медаль үшін таласа алады. Мысалы, Нұрислам Санаев – Азия чемпионы және өткен жылғы әлем чемпионатының финалисі. Данияр Қайсанов (74 келі) биылғы жылы Азия чемпионы атанды, ал италиялық Сассари қаласында өткен беделді турнирде ол финалда Франк Чамизодан кем түскен жоқ. Жалпы, Қайсар өте жақсы маусым өткізді. Сондай-ақ, осы жыл Батырмырзаев үшін сәтті болды. Ол 23 жасқа дейінгі Азия чемпионы атанды. Олег Болтин, өздеріңіз білетіндей, қазақстандық ауыр салмақтағы балуан саналады. Олар екеуі де тамаша атлеттер, кілемде де, одан тыс жерде де өте тәртіпті. Менің ойымша, олардың екеуі де Польшаға баруы дұрыс және осы турнирдің қорытындысы бойынша әлемдік біріншілікте еліміздің намысын кім қорғайтынын білерміз. 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жас балуан 20 жасар Нұрқожа Қайпанов тосынсый жасар деп ойлаймын. Биыл ол Қазақстан чемпионатын жеңіп, ел тарихындағы ең жас Азия чемпионаты жеңімпазы атанды. Оның Қазақстан күрес мектебіне тән өз стилі, күресі пайда болды Әр мектептің көшбасшылары бар, мысалы, америкалықтардың Кайл Снайдері, ресейлік Абдуллашид Садулаев, ирандықтардың Яздани Чератиі. Қайпанов күрес әлемін таң қалдырып, алдағы әлем біріншілігінде жарып шығуы мүмкін. Болашақта ол көшбасшы бола алады", - деді Базров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер