Елдос Сметов жас дзюдошыларға шеберлік сабағын өткізді

Елдос Сметов жас дзюдошыларға шеберлік сабағын өткізді

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2015 жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов Ақтаудағы жас дзюдошылармен шеберлік сабағын өткізді.

Сметов Ақтау қаласына белгілі жаттықтырушы Әділ Бисенқұловтың шақыртуымен барып, жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді.

«Шеберлік сабағы өте керемет өтті. Өйткені, мұндағы жастардың дзюдоға деген қызығушылықтары өте жоғары екен. Бұған көзім анық жетті. Жас спортшылар әр сөзімді мұқият тыңдап, әрбір әдісті меңгеріп алуға тырысты. Елімізде болашақ чемпиондардың өсіп келе жатқаны қуантады. Мені бар зейінімен тыңдап, дзюдоға жан-тәнімен берілген балғын спортшыларға бар білгенімді айтып, тәжірибеммен бөлісіп қайттым» , — дейді Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов Будапештте өткен Гран-при турнирінде топ жарып, олимпиадалық рейтингте 5-ші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или