Галбадрах Отгонцэцэг: Тынымсыз жаттығудың арқасында жеңіске жеттім

Галбадрах Отгонцэцэг: Тынымсыз жаттығудың арқасында жеңіске жеттім

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Загребтегі Гран-при турнирінде чемпион атанды. Ол төрт кездесудің барлығында жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын жүлде салды. Финалдық кездесуден соң Галбадрах турнирді қорытындылап, жанкүйерлерге алғыс айтты.

«Қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға рахмет. Сәуір айында өткен Азия чемпионатынан кейін алғаш рет татамиге шығуым. Үш ай бойы жаттығу жасап, толығымен қалыпқа келдім. Тынымсыз дайындық арқасында жеңіске жеткенім сөзсіз. Финал өте қиын өтті. Милана Клименттің күресу техникасы маған жақсы таныс. Өйткені, осымен екінші рет кездесіп отырмыз. Бірінші белдесуде ұтылған едім, кеше есемді қайтардым», - дейді Галбадрах.

Айта кетелік, Загребтегі Гран-при бәсекесіне әлемнің 87 елінен 600 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 11 спортшы сынға түсіп жатыр. Жарыс 28 шілдеде мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или