Теннис

Рыбакина WTA рентингінде 41 орын алға аттады

Рыбакина WTA рентингінде 41 орын алға аттады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйелдер арасындағы әлемнің 100 үздік теннисшілерінің қатарына кірді.

Кеше отандық спортшы мансабындағы алғашқы маңызды жүлдесін жеңіп алған еді. Бухаресте өткен финалда Елена венгриялық Патриция Мария Тигке мүмкіндік қалдырмай, тас талқан еткен болатын. Екі сетте Рыбакина қарсыласына бар болғаны екі гейм ғана берді.

20 жастағы жас теннисші осы жеңістен кейін WTA рейтингідегі жағдайын жақсартты. Елена 106-шы орыннан 65-ші сатыға бір-ақ көтерілді.

Айта кетейік, Қазақстанның үздік теннисшісі Юлия Путинцева бұл рейтингте 39-шы орынға жайғасқан.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер