UFC президенті: МакГрегор титул үшін төбелеспейді

UFC президенті: МакГрегор титул үшін төбелеспейді

UFC президенті Дана Уайт екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор титул үшін сынға түспейді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Конор октогонға осы жылдың аяғында немес 2020 жылдың басында оралады. Қыркүйекте өтетін турнирге байланысты бәрі. Алайда МакГрегор Нурмагомедов — Порье кездесуінің жеңімпазымен төбелеспейді. Бұл жекпе-жекте кім жеңіне байланысты дивизионда бірнеше өзгерістер болуы мүмкін», — деді Уайт.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Абу-Дабиде UFC 242 турнирі өтеді. Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьеге қарсы сынға түседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или