Командалық

Синхронды жүзуден Қазақстан топтық сында 15-орын алды

Синхронды жүзуден Қазақстан топтық сында 15-орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін синхронды жүзуден топтық сында еркін бағдарлама аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Әлия Каримова жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 27 команданың ішінен 15-ші орын алды.

Қазақстан командасының еркін бағдарламасын қазылар 80.5667 ұпайға бағалады.

Ал әзірге ресейліктер 97.7667 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Қытай (95.7667), үшінші орында Украина (93.9667) құрамалары.

Топтық сында Қазақстан намысын Екатерина Симонова, Ольга Ездакова, Елена Крылова, Әйгерім Құрманғалиева, Жәния Жиенғазы, Карина Абдулина, Этери Какутия, Наргиза Болатовалар қорғаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер