The International 2019 турнирінде бақ сынайтын командалар белгілі

The International 2019 турнирінде бақ сынайтын командалар белгілі

Valve компаниясы The International 2019 турниріне қатысатын барлық командалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Әлемдік додада бақ сынайтын 18 команданың 12-і DPC-маусымның қорытындысы бойынша белгілі болды. Қалған алтауы аймақтық іріктеуден сүрінбей өткендер.

Айта кетейік, The International 2019 турнирі 20-25 тамыз күндері аралығында Шанхайдағы Mercedes-Benz кешенінде өтеді. Жарыстың жүлде қоры 28 миллон еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или