Дзюдо

Елдос Сметов: Будапешттегі жеңіс әлем біріншілігіне баспалдық іспетті

Елдос Сметов: Будапешттегі жеңіс әлем біріншілігіне баспалдық іспетті
news-banner7
mobile-news-top

Будапештте өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінің жеңімпазы, Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов ҰОК баспасөз қызметіне жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті.

- Жеңіске жеткенім үшін өте қуаныштымын. Бапкерлерім мен өзімнің еңбегім еш кеткен жоқ. Мұның бәрі алдағы әлем чемпионаты қарсаңында жігер береді. Бұл жеңісім әлемдік дода алдындағы баспалдық іспетті. Енді әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында топ жарып, қазақ елінің қоржынын толтырғым келеді, - дейді Елдос.

Айта кетелік, 60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов финалда 2014 жылғы әлем чемпионы, моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды "иппон" ұпайымен жеңіп, чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер