«Астана» Еуропаға жорығын сәтті бастады

«Астана» Еуропаға жорығын сәтті бастады

Маусым аралық үзілісте футболсүйер қауіп сүйікті спортынан қол үзіп қалған жоқ. Бүгін клубтарымыздың Еуропаға жорығы басталды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бірнеше жыл қатарынан еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетіп, біраз тәжірибе жинақтаған «Астана» биыл да дәстүрді жалғастырмақ ниетте. Чемпиондар лигасының алғашқы кезеңінде елордалық ұжымға Румынияның чемпионы - «ЧФР Клуж» қарсылас атанды.

ЧФР («Клуж») клубы 1906 жылы негізін қалаған. Лақап аттары — «теміржолшылар». Өз елінің 5 дүркін чемпионы, 4 рет Румыния Кубогын, 2 мәрте ел Кубогын және үш рет Суперкубокты еншілеген. УЕФА рейтингісінде 110-шы орында.

«Астана-Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер голды бірден көре қоймайды. Қос команда алғашқы таймда бір-бірінің осал тұстарын іздеп, әрбір қадамдарын аңдып басты. Осыдан болу керек, ойынның бірінші бөлігінде көз қызығардай қауіпті сәттер көп бола қоймады. 

Тек екінші таймда алаң қожайындары шабуылдарын үдете түсті. Осындай сәттің бірінде «Астананың» ойыншысы есепті ашты. 68-ші минутта қорғау Евгений Постников қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын есепте алға шығарды. 

Бұдан кейін қос команда бірнеше соққы атысқанымен, таблодағы есеп өзгермеді. Есеп - 1:0. Алда «Астананы» Румыниядағы қарымта матч күтіп тұр.  

УЕФА Чемпиондар Лигасы. Алғашқы матч

«Астана» - «ЧФР Клуж» 1:0 (0:0)

Гол: Постников 68'

«Астана»: Ненад Эрич (К,Қ), Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Лука Шимунович, Антонио Рукавина, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Марин Томасов, Роман Мұртазев, Дорин Ротариу.

Қосалқы құрам: Александр Мокин (Қ), Дмитрий Шомко, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Рангело Янга, Сергей Хижниченко, Фирмин Мубеле.

«ЧФР Клуж»: Гедрюс Арлаускис - Камора, Пауло Винисиус, Андрей Буркэ - Михай Бордеяну, Матео Сушич, Хуан Кулио, Овидиу Хобан, Чиприан Дяк - Константин Пэун, Билель Омрани;

Қосалқы құрам: Козмин Выткэ - Андрей Мурешан, Андрей Петелеу - Якуба Силла, Луиш Аурелиу, Михай Бордеяну, Мариу Рондон;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или