Қазақстандық боксшылардың ең жылдам нокауттары

Қазақстандық боксшылардың ең жылдам нокауттары

<span lang="kk">Қазақстандық былғары қолғап шеберлері үнемі жақсы техника мен жойқын соққымен әлемге танылып жүр. </span>

<span lang="kk">Prosports.kz сайты Қазақстанның үздік боксшыларының қатысуымен болған ең жылдам бес нокауттың тізімін жасады.</span>

<span lang="kk">Бұл тізімде әрине, Геннадий Головкин көш бастап тұр.</span>

Геннадий Головкин – Марко Антонио Рубио

2014 жылы GGG Калифорния төрінде мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесті. Алғашқы раундта басымдығымен көзге түскен Головкин екінші кезеңде «ерекше» әдіспен қарсыласын нокаутқа түсірді.

Геннадий Головкин – Доминик Уэйд

2006 жылы қазақстандық боксшы жеңілістің дәмін татпаған америкалық Доминик Уэйдпен кездесті. Екінші раундта Головкиннің жойқын соққысына шыдамаған Доминик жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады. 

\

Геннадий Головкин – Ванес Мартиросян

Өткен жылдың мамыр айында Геннадий Канелоға қарсы жекпе-жегі алдында армян ұлтынан шыққан америкалық боксшы Мартиросянмен кездесті. Уэйдпен салыстырғанда Ванес жақсы өнер көрсетті, алайда Ванес екінші раундта нокаутқа түсіп қалды.

Батыр Жүкембаев – Ное Нуньес

2018 жылдың наурыз айында Батыр Жүкембаев мексикалық Ное Нуньеске қарсы жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу тез арада аяқталды  – жерлесіміз мексикалық боксшының «быт-шытын» шығарды.

Қанат Ислам – Хулио де Хесус

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға екі жылдық үзілістен соң оралса да, доминикандық Хулио де Хесусды 14 секундтың ішінде нокаутқа түсірді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или