русский язык
Күрес

Спорт министрі Бауыржан Жауынтаевты жеңісімен құттықтады

Спорт министрі Бауыржан Жауынтаевты жеңісімен құттықтады

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Нанкинде жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ Олимпиада ойындарында дзюдодан 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жүлде иеленген Бауыржан Жауынтаевты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құттықтау жеделхатта:

«Қымбатты Бауыржан! Сені жасөспірімдер арасындағы II олимпиада ойындарындағы жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын!

Сен жасөспірімдер арасындағы II олимпиада ойындарында біздің құрама командаға алғашқы алтын медальды әкелдің. Бұл жетістік еліміздің миллиондаған азаматтары мен біздің жастар командасына сенген, үміт артқан жандар үшін қуанышты оқиға болды.

Шиеленіскен тартысты бәсекеге қарамастан сен нағыз спортшыға тән қайсарлық пен шеберлік таныта білдің. Егемен еліміз үшін, тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағы үшін бойымызды шексіз мақтаныш сезімі кернейді.

Бұл Нанкиндегі қазақстандық спортшылардың жарқын жеңістерінің бастауы деп білемін. Біздің спортшыларымыздың шығар биігі әлі алда, олар олимпиада эстафетасын сәтті аяқтайды деп сенемін.

Біздің жаттықтырушыларды спорттағы үлкен жетістіктерімен құттықтаймын. Қазақстандағы жастар спортын дамытуға қосқан еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз», – деп жазылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;