Бокс

Қазақстандық боксшы Канадада өтетін кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Канадада өтетін кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық үш боксшы Канаданың Тетфор қаласында өтетін кеште жұдырықтасады.

Кештің басты жекпе-жегінде Нұрзат Сабыров венгриялық Ласло Тотпен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ бұл күні шаршы алаңда Садриддин Ахмедов мексикалық 33 жастағы былғары қолғап шебері Даниэль Вега Котамен сынға түседі. Жас боксшы Аман Қазанғапов мексикалық Исмаэль Молина Мореноға қарсы жұдырықтасады. Бұл оның кәсіпқой деңгейдегі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Бокс кешіне «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім елорда уақытымен 30 маусым күні таңғы сағат 7:00-де басталады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер