Стойлов: «Астанаға» ең мықты қарсылас түсті

Стойлов: «Астанаға» ең мықты қарсылас түсті

«Астананың» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыласы - ЧФР «Клуж». Команданың бұрынғы бапкері Станимир Стойлов Қазақстанның чемпионына ең қиын қарсылас түсті деп есептейді. 

- Станимир, ЧЛ-ның бірінші кезеңінде «Астанаға» румыниялық ЧФР «Клуж» клубы түсті. Бұл жұптың фавориті кім? «Астана» бұл ұжымды артта қалдыра алады ма?

- Меніңше, қазақстандық командаға бұл кезеңдегі ең қиын қарсылас жолыққалы отыр. Мына команда фаворит деп, толық сеніммен айта алмаймын. «Клуж» алдына биік мақсаттар қоятын клуб. Бапкері де әбден ысылған, тәжірбиелі. Екі кездесу де «Астана» үшін қиынға соғайын деп тұр. Елордалық клуб келесі кезеңге жолдама алу үшін бар күшін салуы тиіс. 

- Алдымыздағы еуромаусымдағы «Астананың» мүмкіндігін қай деңгейде бағалар едіңіз? Бұрынғы команданыз жаңа белестерді бағындыруға дайын ба? 

- «Астана» еурокубоктарда тәжірбиесі мол футболшылардан жасақталған. Иә, көбі футбол тілімен айтқанда, біраз жасқа келді. Бірақ, тәжірбие ешқайда кетпейді ғой. Соңғы бес жылда «Астана» Чемпиондар лигасында да, Еуропа лигасында да жоғары деңгейде ойнай алатынын дәлелдеді. Жігіттер еурокубок кезінде бабында болады деп ойлаймын. Негізі, Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетсе де  жаман емес. Мен шын жүрегіммен «Астанаға» сәттілік тілеймін, қазақстандық клубқа қашан да жанкүйер боламын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или