Белгілі сарапшы: Альвареске GGG-мен қайта кездесудің қажеті жоқ

Boxingnews24 журналисті және сарапшы Арагон Гарсия Мексика Сауль Альвареске бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен трилогия қажет емес деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Канело» Головкинді жеңді. Альвареске GGG-мен қайта кездесудің қажеті жоқ. Ол Головкиннің бейімделе алмайтындығын және бір жақты боксшы екенін дәлелдеді. Головкиннің «Канело» секілді боксшыны жеңуге шеберлігі жетіспейді», — деді Гарсия.
Еске салайық, Альварестің бапкері Эдди Риносо Головкинді биылғы жылдың қыркүйек айындағы жекпе-жекте басымдық ретінде қарастырмайтынын айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или