МакГрегордың досы тағы да жеңіске жетті
22 маусымда Тамп (АҚШ) қаласында Bare Knuckle FC 6 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
Кештің басты оқиғасында UFC-дің бұрынғы файтерлері Артем Лобов пен Пол Малиньяджи төбелесті.
Жекпе-жек барлық 5 раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер шешімімен МакГрегордың досы Артем Лобов 48:47, 48:47, 48:47 ұпай санымен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Bare Knuckle FC турнирі аясында 7 сәуірде Лобов Джейсон Найтпен төбелесіп, оны да жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или