Әлем футболы

«Милан» жаңа бапкерінің есімін атады

news-banner7
mobile-news-top

«Сампдорияның» бұрынғы бапкері Марко Джампаоло «Милан» тізгінін ұстады.

Бұл маман өз қызметіне 1 шілдеден бастап кіріседі. Келісімшарт мерзімі 2021 жылдың 30 маусымына дейін. Бапкер нәтиже көрсетіп жатса «Милан» тағы бір жылдық келісімшарт ұсынуы мүмкін.

Джампаоло «Эмполи», «Кремонезе», «Брешия», «Чезена», «Катанья», «Сиена», «Кальяри» және «Сампдория» клубтарында қызмет атқарған. «Миланда» ол жақында отставкаға кеткен Дженаро Гаттузоны алмастырды.

2018/19 маусым қорытындысы бойынша «Милан» итальян А сериясында бесінші орын алып, Еуропа лигасына жолдама алған еді. Алайда, еурокубоктан клуб өз еркімен бас тартуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер