Сигурьонссон: Гудьонсен «Астана» сапына ауысуымды дұрыс деп баға берді

Сигурьонссон: Гудьонсен «Астана» сапына ауысуымды дұрыс деп баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Енді Астананың да өз викингі бар. Қазақстанның ең үздік клубы Чемпиондар Лигасы басталмас бұрын құрамын 29- жастағы Исландия құрамасының футболшысы Рунар Мар Сигурьонссонмен толықтырды.

Рунар соңғы үш маусымда Швейцария чемпионатда «Грассхоппперс» пен «Санкт- Галлен» сапында доп тепті. Одан бұрын Сигурьонссон Швеция, Голландия және Исландия біріншіліктерінде өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында 22 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанған. 2016 жылы өткен Еуропа біріншілігінде Исландия ұлттық құрамасының құрамына енген. «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі Рунар Мар Сигурьонссонның қазақстандық клубты таңдауының себебін, Еуро 2016 турниріндегі Исландиялық ғажайыптың сырын, және «Барселона» және «Челси» клубтарында доп тепкен Эйдур Гудьонсенмен достық қарым-қатынасы туралы сұқбатты жариялады.

- Рунар, Қазақстанда қалай ұшып келдің? Жол ауыр болмады ма?

- Бұл бір ұзақ күн болды. Исландиядан Франкфуртқа, Франкфурттан Астанаға ұштым. Ұшу ұзақтығы 16- 17 сағатымды алды. Оған қоса, Қазақстан уақытының бізден біраз айырмашылығы бар. Ұшу қиынға түспеді. Бірақ, жол алыс болды.

- Қазақстан жерінде доп тебетініңізді естігенде Исландиядағы туыстарыңыз не деді?

- Мен әлемнің көп мемлекетінде болдым. Бірақ, Қазақстанға бірінші келуім. Келгенше асық болдым. Осындай керемет мемлекетті тезірек өз көзіммен көргім келді. Ал, ата- анама келетін болсам, олар мені толықтай қолдады. Қазақстаннан келген ұсынысты көрген кезде, олар қазақ жері туралы қарап, біраз мәлімет білді. Және, бұл менің мансабымды жалғастыруға қолайлы жер екенін айтты.

- Бұрын, Қазақстан туралы не нәрсе білетін едіңіз?

- Аса бір көп нәрсе білдім деп айта алмаймын. Білетінім аз. Сіздердің мемлекеттеріңіздің тарихын оқығам. Шынымды айтсам алғашында картадан Қазақстанның қай жерде орналасқанын да білмедім. Артынша қазақ жерін көрген соң мен таң қалдым. Дәл мұндай үлкен мемлекет деп ойламадым. Сіздердің астаналарыңыз Нұр- Сұлтан қаласы жас, әрі әдемі қала. Енді, менде Қазақстанмен жақынырақ танысатын мүмкіндік те, уақыт та пайда болды.

- Сіздің есіміңізді айту адамдар үшін қиынға соғады. Сізді әріптестеріңіз қалай атайды?

- Бұл қиындықпен көп жерде кездесемін. Мен әріптестерім көбіне Руни деп атайды. Немесе, Сиги – Сигурьонссонның қысқартылған түрі. Бірақ, басым көпшілігі Руни деп атайды.

- Бұл Уэйн Рунимен ұқсастығығыз бар дегенді білдіре ме?

- Жоқ, менің есімім Рунар. Оны қысқартып Руни дейді. Ағылшындық шабуылшымен ешқандай ұқсастығымыз жоқ.

- Қазақстандық командалардың ойындарын көргенсіз бе?

- Иә. Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше ойынын көрген болатынмын. «Астана» футбол клубынан ұсыныс түскеннен кейін, ойындарын көріп шықтым. Тіпті, осы маусымдағы жетістіктерін бақылап отырдым. Көргендерімді қорыта мен үздік клубқа келдім деп айта аламын. Еуро- 2016 турнирінің іріктеу кезеңінде мен Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы ойнай алмадым. Өйткені, менде жарақат болатын. Исландияда өткен қарымта ойынды да жіберіп алдым.

- Исландия құрамасының ойыншылары Қазақстанмен өткен ойын тең нәтижемен аяқталғанына қарамастан қуанғаны, бізді біраз таңырқатты.

- Бізге сол сәтте әр ұпай маңызды болатын. Командамыз қорғанысқа көп көңіл бөлді. Барлығы да Еуропа чемпионатына шығу үшін жасалған еңбек деп білемін.

- Сіз Еуропа Чемпионатында ғажайыпқа сендірген Исландияның құрамында болдыңыз. Бұл ғажайып қалай орын алды?

- Бұл жетістік құрамамыздың қажырлы еңбегінің арқасында келді. Біріміз бәріміз үшін күрестік. Біз үшін өте керемет турнир болды. Әсіресе, Англияға қарсы өткен ойын ерекше есте қалды. Бәрі білетіндей исландиялықтар ағылшын футболын жақсы көреді. Сол себепті Англия құрамасын жеңгеніміз ғажайып болды.

- Исландия құрамасының сапында әуесқой футболшылар бар деген сыбыс көп тарады. Біреуінің мамандығы тіс дәрігері, біреуі режисер тағысын тағы... Сол қаншалықты рас?

- Жоқ, біздің құрама ойыншыларының барлығы кәсіпқой футболшылар. Бір қызығы біздің құрамамыздың бас бапкерінің көмекшісі тіс дәрігері болып қызмет жасап жүрді. Алайда, оның өз себептері бар. Ұлттық құрамамен жұмыс жасаған кезде ойындардың арасында тым көп бос уақыт бар. Ол сол бос уақытында тіс дәрігері болып жұмыс атқаратын. Айтпақшы, сол көмекші көп уақыт өтпей ұлттық құраманың бас бапкері атанды. Бұл оның басты жұмысы болмағанмен, демалған кезінде жасайтын жұмысы, былайша айтқанда хоббиі. Барлық адамда хобби болуы керек деп ойлаймын.

- Ал, қақпашы шыныменде режиссер ме?

- Иә, ол бейнеклип, фильм түсірумен айналысады. Исландия – кішкентай ел. Мұнда, футбол ойнай жүріп, тағы басқа да мамандықтың иесі атанатындар көп. Айтпақшы, Әлем Чемпионаты кезінде біздің құрамамызда Исландияда тұз өндіріс компаниясында жұмыс жасайтын футболшы болатын. Бұл Исландия, біздің мемлекетте кәсіпқой футбол жоқ.

- Егер, футболшы болмасаңыз, кім болар едіңіз?

- Тіпті білмеймін. Әкем құрылысшы. Мүмкін, сол кісіге көмектесетін шығармын.

- Сонымен, Исландияның осындай жетістікке жету құпиясы не?

- Біз Командамыз. Бізде көп жылдар бойы бір құраммен ойнадық. Жақын достар атанып та кеттік. Біз аянбай тер төктік. Оған қоса, біз кез- келген қарсыласты жеңуге болатындығына сендік. Бастысы сенім дұрыс болуы керек.

- Эйдур Гудьонсен – Еуро- 2016 турниріндегі сіздердің ең басты көшбасшыларыңыз болды дей аласыз ба?

- Әрине. Мүмкін, ол біздің құрама тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Командамыздағы көп футболшы үшін ол - кумир. Өйткені, көпшілігіміз енді футболға келіп жатқан кезде, Гудьонсен «Челси» мен «Барселона» сапында гол соғып жүрді. Эйдурмен бір құрамада ойнау мен үшін үлкен абырой. Ол кісіден үйренгенім көп. Гудьонсен исландия футболының қаһарманы.

- Сізде оның ұялы телефонының нөмірі бар ма?

- Бар.

- Эйдурмен қазақстандық клубқа ауысатындығың жөнінде сөйлестіңдер ме?

- Иә, осы жақында сөйлескенбіз. Бір- екі күн бұрын шығар. Ол менің агентіммен жақсы таныс. Эйдур Гудьонсен айтты: «Бұл мансабың үшін дұрыс жол екендігіңе көзің жетсе, онда тосылмай бар. Қазақстандағы футбол ойнаған уақытыңнан ләззат ал». Гудьонсен Қазақстанмен жақсы таныс. Ол, осы жерде ұлттық құрама сапында гол соққан. Басқа да Исландия құрамасында бірге өнер көрсететін достарым сәттілік тіледі.

- Маусымның ортасында командаға қосылған киын емес пе?

- Білмеймін. Әрине, маусымның басында келген мен маусым ортасында келгеннің айырмашылығы бар. Бірақ, мен жаңа командаға тез үйреніп, клубтың жетістікке жетуіне көмектесетініме сенемін.

- Исландиялық журналистер сізді жылдам ойыншылар санатына жатқызбайды екен?!

- Ондайды естімеппін. Әрине, мен жасыл алаңдағы ең жылдам ойыншы емеспін. Мен пас беру мен алаңды көру жағынан мықтымын деп айта аламын. Өзімді жылдаммын деп айтпаймын. Алайда, ең баяуда емеспін. Көбіне мен орталық жартылай қорғаныста өнер көрсетемін. Бірақ, арасында қапталда ойнаған кездерім болды.

- Не үшін «Астанаға» ауысуға келісім бердіңіз?

- «Астана» көп уақыт бойы маған қызығушылық танытты. Бұл дұрыс шешім болды ма, оны уақыт көрсетеді. Менің жаңа маусымнан күтер жақсы жаңалығым көп. «Астанаға» келетін болсақ, бұл жақсы ойыншылары бар клуб. Еурокубокте өнер көрсетіп, мықтылығын дәлелдеп жүрген команда. Бұл да менің «Астанаға» ауысуыма басты себеп болды.

- Алайда, Щвейцарияға қарағанда Қазақстандағы жасыл алаң мен стадион мәселесі өте нашар екенін білесіз...

- Иә, білемін. Қазақстан чемпионаты ойындарын қараған кезде көргенмін және мен бұған дайынмын. Жалпы, жаңа елге бара жатқанда барлық қиын жағдайға дайын болуың тиіс.

- Қандай нөмірде өнер көрсететініңізді шештіңіз бе?

- 10- ыншы нөмірді алуды қалаймын. Жастар құрамаларында өнер көрсетіп жүрген кезде 10 нөмірмен ойнайтынмын. Алайда, кәсіпқой футболға келгелі бері 10- шы нөмір көп уақытта бос болмайды.

- Щвейцария чемпионатында өткен күндеріңіз туралы не айтасыз?

- Бұл шағын әрі керемет мемлекет. Менің бұрынғы клубымның соңғы 2- 3 маусымда жағдайы мәзболмады. Клуб қаржылық мәселесін шеше алмады. Жаңа футболшылар сатып алуға қауқары болмады. Оған қоса, жанкүйерлермен қарым- қатыныс жақсы болды дей алмаймын.

- Жанкүйерлерімен қандай мәселе орын алды?

- Алдыңғы маусымда жанкүйерлер кесірінен 3- 4 ойынды ортасынан тоқтатуға тура келді. Бірде ойынды 53- минутта тоқтатып тастады. Өйткені, айналада хаус болды десем болады. Жанкүйерлер жасыл алаңға жүгіріп шығып та, бір- бірімен қақтығысып та жатты.

- Олармен сөйлесуге тырысып көрдіңіз бе?

- Иә, тырыстық. Бірақ, оларды көндіру оңайға түспеді.

- «Астана» командасында қойған басты мақсатыңыз?

- Клуб қойған мақсаттарға жетуге көмектесу.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше «Астана» футбол клубы Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссонмен еңбек келісімшартына қол қойды.

28 жастағы жартылай қорғаушы соңғы үш маусымда Швейцария чемпионатында «Грассхопперс» және «Санкт Галлен» командалары сапында ойнаған. Ірімшек пен сағат елдеріне дейін, Сигурьонссон Швеция, Голландия және Исландия чемпионаттарында өнер көрсетті.

Рунар өз елінің құрамасында 22 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Соңғы маусымда орталық жартылай қорғаушы «Грассхопперс» үшін 16 ойын өткізіп, 5 голдық пас берді.
«Астана» құрамына исландиялық еркін агент ретінде ауысады.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер