«Широки Бриег» клубының қорғаушысы: Әлсіз команда түседі деп үміттендік

«Широки Бриег» клубының қорғаушысы: Әлсіз команда түседі деп үміттендік
news-banner7
mobile-news-top

«Широки Бриег» клубының қорғаушысы Стипо Маркович Sport Centar басылымына берген сұқбатында Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы алматылық «Қайрат» туралы пікірін білдірді.

- Біздің жолымыз болмады. Қарсыласымыз мықты. Шынымды айтсам, әлсіз қарсылас түскенін қаладық. «Вентспилс» не «Динамо» (Тбилиси) командалары қарсылас атанады деп үміттендік, алайда, көріп тұрғандарыңыздай, бәрі басқаша болды. Бізді қайтадан алыс жол мен мықты қарсылас күтіп тұр.

«Қайраттың» қаржысы біздікінен бес есе көп болғанына қарамастан, бұл айқаста олардың фаворит болуына қарамастан біздің мүмкіндігіміз бар. Оның үстіне қазақстандық клубтарға қарсы жақсы өнер көрсеткенбіз. Сол қарқын жалғасын табады деп үміттенемін, - дейді Стипо Маркович.

Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Алматының «Қайраты» отандық жанкүйерлерге жақсы таныс босниялық «Широки Бриекпен» ойнаса, «Тобыл» Люксембургтың «Женесс» командасымен күш сынасады. Шымкенттік «Ордабасы» грузиялық «Торпедо» клубымен жолдама үшін таласқа түсетін болады.

Еуропа лигасы. Іріктеудегі алғашқы қарсыластар

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер