Санчес: Головкин рингте менің үйреткендерімді істеп жатыр

Санчес: Головкин рингте менің үйреткендерімді істеп жатыр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчестің пікірінше, боксшы бұдан кейінгі айқастарында да мексикалық бапкердің үйреткенінен асып түсе алмайды.

<span>«Головкин рингте менің үйреткендерімді істей береді. Бұл Геннадий Головкин. Бұл жігіт біздің залдан шыққан өнім. Бәлкім, Бэнкс екеуіне уақыт қажет шығар. Бірақ бір-екі жекпе-жек емес, бұл процеске бірнеше жыл қажет. Бапкер өз стилін сіңдіруі үшін уақытқа зәру», - дейді Санчес Boxeomundial.com сайтына берген сұқбатында.</span>

<span>Еске салайық, биылғы сәуір айында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқан болатын. GGG осыған қатысты мәлімдемесінде сыпайылық сақтаған болса, А.Санчес БАҚ-қа сұхбатында өз ызасын жасыра алмады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или