русский язык
Күрес

Дзюдодан ӘЧ. Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі анықталды

Дзюдодан ӘЧ. Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі анықталды

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы спортшыларының алдын ала тізімі анықталды.

Сайыс Челябинскте 25-31 тамыз аралығында өтеді. Халықаралық турнирге 140 елдің өкілдері қатысады.

Еліміздің негізгі командасы тізіміне жапондық стильдегі 11 күресші кірді.

Айбек Имашев (60 кг, Ақтау), Еркебұлан Қосаев (60 кг, ШҚО), Сергей Лим (66 кг, Алматы ), Елдос Жұмаханов (66 кг, Алматы ), Жансай Смағұлов (66 кг, Қарағанды), Ертуған Төренов (73 кг, Тараз), Ринат Ибрагимов (81 кг, БҚО), Есен Самат (90 кг, ОҚО), Руслан Әбдіразақов (90 кг, Қызылорда), Максим Раков (100 кг, Қарағанды) және Әділхан Қозыбаев (100 кг, Қызылорда). 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;