Қазақстандық кадет Әзірбайжандағы әлем біріншілігінде күміспен күптелді
![Қазақстандық кадет Әзірбайжандағы әлем біріншілігінде күміспен күптелді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406540108_68350062.jpg?v=28697368)
Таэквондошы Нартай Оразбаев кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 2-ші орын алды, деп хабарлайды Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі.
«Татами қожайыны Орхан таги-Заданы (20:8) жеңгеннен кейін қазақстандық таэквондошы америкалық Ричард Чунг (20:4) пен өзбекстандық Исломджон Адхамовты (21:9) тізе бүктірді. Өкінішке қарай, финалда Оразбаевтың қарсыласы ирандық Амирхуссейн Вогуи Азар (32:7) жеңіске жетті», - делінген хабарламада.
Әлем чемпионаты. + 65 кг. Қорытынды жағдай:
1. Амирхуссейн Вогуи Азар (Иран);
2. Нартай Оразбаев (Қазақстан);
3. Исломджон Адхамов (Өзбекстан), Мухаммед Ачикгоз (Түркия).