русский язык
Күрес

Дзюдо. Улан-Батордағы «Гран-при». Үшінші күн нәтижелері

Дзюдо. Улан-Батордағы «Гран-при». Үшінші күн нәтижелері

«Гран-при» сериясы аясында Улан-Баторда өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші ойын күнінде ерлер арасында 90, 100 келіге дейін және 100 келіден жоғары салмақтар бойынша, әйелдер арасында 78 келіге дейін және 78 келіден жоғары салмақтар бойынша жүлделі орындар сарапқа салынды.

Бұл күні Моңғолия астанасындағы татамиге Қазақстан құрамасының бір өкілі шықты – Зарина Райфова (78 келіге дейін). Бірінші белдесуде моңғолиялық Мункхтуйи Баттулгиді жеңіп, Зарина топтық кезеңнің финалында польшалық Катаржина Фурманекке жол берді. Кейін жұбаныш кезеңінің бірінші айналымында татамидің тағы бір иесі Мункхцецек Отгонға иппон әдісі бойынша жол берді.

Қорытынды күннің жүлделі орындары төмендегідей:

 

ерлер

90 келіге дейін

1. Бека Гвиниашвили (Грузия)

2. Кристиан Тот (Венгрия)

3. Кирилл Денисов (Ресей)

3. Шохеи Шимовада (Жапония)

 

100 келіге дейін

1. Тагир Хайбулаев (Ресей)

2. Карл-Рихард Фрей (Германия)

3. Флавио Орлик (Швейцария)

3. Дмитрий Петерс (Германия)

 

100 келіден жоғары

1. Рю Шичиноэ (Жапония)

2. Адам Окруашвили (Грузия)

3. Леван Матиашвили (Грузия)

3. Даниэл Натя (Румыния)

 

Әйелдер

78 келіге дейін

1. Сол Кьон (Солтүстік Корея)

2. Луиза Мальцан (Германия)

3. Абигель Йоо (Венгрия)

3. Катрин Роберж (Канада)

7. Зарина Райфова (Қазақстан)

 

78 келіден жоғары

1. Ким Юнкьон (Оңтүстік Корея)

2. Гульса Коджатюрк (Туркия)

3. Франциска Конитц (Германия)

3. Ясмин Кюльбс (Германия)


iFrameiFrameiFrameiFrameiFrameiFrameiFrameiFrame

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;