русский язык
Күрес

Дзюдо. Ордабаева қола медаль жеңіп алды

Дзюдо. Ордабаева қола медаль жеңіп алды

Гран-при» сериясы аясында Улан-Баторда өтіп жатқан дзюдодан халықаралық турнирдің екінші күнінде ерлер арасында 73 пен 81 келіге дейін салмақтар, әйелдер арасында 63 пен 70 келіге дейін салмақтар бойынша жүлделі орындар сарапқа салынды.

Қыздар арасында 63 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Мариан Ордабаева қола медаль жеңіп алды. А тобының финалында Мариан неміс Марина Трайдосқа жол беріп, жұбанышты кезеңге түсті. Бұнда екі моңғолиялық спортшыны қапы қалдырды – алдымен Мунгунчимегті иппон арқылы жеңсе, кейін қола жүлде үшін таласта Цереннадмид Ценд-Аюшты тізе бүктірді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Зәмзәгүл Файзолланова (70 келіге дейін) тек бір жекпе-жек өткізді. Алғашқы белдесуінде-ақ татами қожайыны Наранджаргап Ценд Аюштан жеңіліп қалды.

Екінші күннің жеңімпаздары төмендегідей:

 

Ерлер

73 келіге дейін

1. Нугзар Таталашвили (Грузия)

2. Цаганбатар Хашбатар (Моңғолия)

3. Хон Кук Хьон (Солтүстік Корея)

3. Такенори Накамура (Жапония)

 

81 келіге дейін

1. Кеита Нагасима (Жапония)

2. Ванг Ки-Чун (Оңтүстік Корея)

3. Лукаш Блах (Польша)

3. Амир Гасеми Неджад (Иран)

 

Әйелдер

63 келіге дейін

1. Ян Цзюнься (Қытай)

2. Юн Да-Вун (Оңтүстік Корея)

3. Мариан Ордабаева (Қазақстан)

3. Мартина Трайдос (Германия)

 

до 70 кг

1. Наранджаргал Ценд Аюш (Моңғолия)

2. Хван Е-Суль (Оңтүстік Корея)

3. Мария Портела (Бразилия)

3. Эстер Стам (Грузия)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;