русский язык
Күрес

«Классиктер» Испанияда бақ сынайды

«Классиктер» Испанияда бақ сынайды

5 шілде күні Мадридте грек-рим күресінен «Гран-при Испания» XIV халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Wrestling Online хабарлайды. Қазақстан құрамасы аталған турнирге бірінші нөмірлі балуандарын қатыстырады:

59 келі - Алмат Кебіспаев, Ербол Коңыратов

71 келі - Асхат Жаңбыров, Мақсат Ережепов

75 келі - Досжан Кәртіков

80 келі - Азамат Күстібаев

85 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов

98 келі - Жанарбек Қабдолов, Ерұлан Ысқақов.

Ал ауыр салмақтағы үздік балуанымыз Нұрмахан Тінәлиев (130 келі) 2014 жылғы тұңғыш жарысына қатысады. Ол маусымның 27-29 аралығында өтетін Дортмундтегі «Гран при Германия» турнирінде бақ сынайды.

 

Ақпарат күрес қауымдастығының ресми сайтынан алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;