русский язык
Күрес

Спортшыларымыз Еуропа чемпионатынан 8 медаль алып келді

Спортшыларымыз Еуропа чемпионатынан 8 медаль алып келді

Чувашия астанасы Чебоксарыда өткен каратэден Еуропа чемпионатында біздің спортшылар 8 медаль жеңіп алды.

Аталмыш турнирге қатысқандардан Ұлан Сұңғатты ерекше айтып кетуге болады. Ол Қазақстан құрамасының сапына жалғыз алтынды алып келді. Ұлан ката бойынша сайысқа түсті. Одан бөлек басқа да спортшыларымыз жаман өнер көрсетпеді, олардың ішінде аруларымыз да бар. Кумитэ бойынша Г. Мұхамбетова, Д. Жаубасар, А. Махамбетова қола медаль алды. Үшінші орын еншілегендердің ішінде ката бойынша Г. Махамбетова да бар. Ал күміс медальды А. Махамбетова, Д. Жауабасар және А. Буряк мойнына тақты.

Жалпы есепте қоржынымызда 1 алтын, 3 күміс және 4 қола бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;