Миллион Қызылорда спортшыларына бұйырды
![Миллион Қызылорда спортшыларына бұйырды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402893318_387528724.jpg?v=28695561)
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан WTF «Федерация кубогі» додасы аяқталды (11-14 маусым). Соңғы жарыс күнінде командалық есептегі жеңімпаз анықталды.
Қола жүлде мен 300 мың теңге көлеміндегі сыйақы Атырау облысына бұйырды. Олар кіші финалда Жамбыл облысының спортшыларын 77:66 есебімен жеңді.
Алтын медаль үшін өткен өте тартысты айқаста Қызылорда облысының қырандары Ақтөбе облысының таеквондошыларынан 69:66 есебімен басым болды. Бас жүлдегерге 1 миллион теңге сыйақы берілсе, күміс жүлдегерлер 500 мың теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.