русский язык
Күрес

Дзюдо. Жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы. Екінші күннің нәтижесі

Дзюдо. Жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы. Екінші күннің нәтижесі

Австриялық Лайбницте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының екінші күнінде жігіттер арасында 81, 90, 100 келіге дейін және 100-ден жоғары салмақтар, қыздар арасында  44, 48, 52 және 57 келіге дейін салмақтарда жүлделі орындар сарапқа салынды.

Бұл күнде қазақстандық жас  дзюдошылар жүлдеге ие бола алмады, алайда екі жерлесіміз медаль үшін соңына дейін таласқан болатын. 100 келіден жоғары салмақта Еламан Ерғалиев В тобында жеңімпаз атанып, жартылай финалға шықты. Бірақ кейін турнирдің жеңімпазы атанған ресейлік Тамерлан Башаевқа жол берді. Сосын қола үшін таласта тағы бір ресейлік Артем Паниннен жеңіліп қалды.

Қыздар арасындағы сайыста Еңлік Сатыпалды (44 келіге дейін) қола үшін тартысқа шығып, ресейлік Сабина Гилязоваға иппон тәсілін жасауға мүмкіндік беріп қойды. 

Сондай-ақ, 1 маусымда австриялық татамиге Қазақстанның бірнеше өкілі шықты: Салмат Жұрқабаев, Ерназар Хамзин (екеуі де 81 келіге дейін), Тимур Жарасов, Темірлан Көлбай (екеуі де 90 келіге дейін), Нұрым Сәлімгереев (100 келіге дейін) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары). Қыздар арасында – Әсел Қайсарова (52 келіге дейін) және Әйгерім Әбілқадірова (57 келіге дейін).

Екінші күнде жүлдеге ие болғандар төмендегідей:

 

Жігіттер

81 келіге дейін

1. Михаил Игольников (Ресей)

2. Робин Гютше (Германия)

3. Шиничи Фучихара (Жапония)

3. Неманья Майдов (Сербия)


 

90 келіге дейін

1. Рокас Ненартавичюс (Литва)

2. Петр Кучера (Польша)

3. Лаурин Белер (Австрия)

3. Шота Ваниев (Ресей)


 

100 келіге дейін

1. Златко Кумрич (Хорватия)

2. Максимилиан Хагенэдер (Австрия)

3. Лука Кунсабо (Румыния)

3. Леон Штрюэбер (Германия)


 

100 келіден жоғары

1. Тамерлан Башаев (Ресей)

2. Жарко Чулум (Сербия)

3. Месси Катанга (Франция)

3. Артем Панин (Ресей)

5. Еламан Ерғалиев (Қазақстан)


 

Қыздар


 

44 келіге дейін

1. Амбер Герсьес (Нидерланды)

2. Элиза Адрасти (Италия)

3. Лариса Фариас (Бразилия)

3. Сабина Гилязова (Ресей)

5. Еңлік Сатыпалды (Қазақстан)


 

48 келіге дейін

1. Дарья Бобрикова (Ресей)

2. Маруза Стангар (Словения)

3. Евгения Деминцева (Ресей)

3. Анна Пашина (Ресей)


 

52 келіге дейін

1. Дистриа Класнич (IJF)

2. Андрея Лески (Словения)

3. Татьяна Аякина (Ресей)

3. Джессика Перейра (Бразилия)


 

57 келіге дейін

1. Амели Гуйюр (Франция)

2. Деви Картхаус (Нидерланды)

3. Мария Чентраккио (Италия)

3. Тереза Штолль (Германия)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;