русский язык
Күрес

Дзюдо. Еуропа кубогында қазақстандық спортшылар үш медаль қанжығалады

Дзюдо. Еуропа кубогында қазақстандық спортшылар үш медаль қанжығалады

Оренбург қаласында өтіп жатқан дзюдодан Еуропа кубогының екінші жарыс күнінде үш спортшымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

 

Үш медальді же нәзікжандылар иемденді. 78 келіде Зарина Райфонова алттынан алқа тағынды. Ақтық кездесуде ресейлік Анна Приданникованы тізе бүктірді. Дильдар Өмірәлиев 70 келіде алтын үшін болған күресте ресейлік Дарико Габаидзеден жеңіліп қалды. Анна Сейтімова қола медальді місе тұтты.

Ерлеріміздің жолдары болмады. Татами төріне шыққан жігіттеріміз: Ислам Махамбетов, Бекжан Абдуалиев (81 келі), Самат Есен мен Ансар Хамзин (90 келі) жүлдегерлер тізіміне ене алмады.

 

Екінші күннің қорытындысы:

 

Ерлер

81 кг

1. Аслан Лаппинагов (Ресей)

2. Андраник Чапарян (Армения)

3. Дмитрий Ярцев (Ресей)

3. Дмитрий Рыбин (Ресей)


 

90 кг

1. Милан Рандл (Словакия)

2. Дмитрий Довгань (Ресей)

3. Алан Бетанов (Ресей)

3. Казбек Занкишев (Ресей)


 

100 кг

1. Шамиль Магомедов (Ресей)

2. Хазрет Хакуринов (Ресей)

3. Руслан Киселев (Ресей)

3. Бегзод Кулматов (Өзбекстан)


 

100 кг жоғары

1. Сергей Зверев (Украина)

2. Нодар Мачутадзе (Украина)

3. Даниэль Аллерстофер (Аустрия)

3. Шухрат Турабоев (Өзбекстан)


 

Әйелдер

70 кг

1. Дарико Габаидзе (Ресей)

2. Дильбар Өмірәлиева (Қазақстан)

3. Анар Сейтімова (Қазақстан)

3. Анжела Морозова (Беларусь)


 

78 кг

1. Зарина Райфова (Қазақстан)

2. Анна Приданникова (Ресей)

3. Антонина Чернецкая (Ресей)

3. Юлия Лосева (Ресей)


 

78 кг жоғары

1. Анна Балашова (Ресей)

2. Елена Хакимова (Ресей)

3. Снежана Белозерова (Ресей)

3. Дарья Карпова (Ресей)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;