русский язык
Күрес

Арслан Әбдамит - «Алматы барысы»

Арслан Әбдамит - «Алматы барысы»

«Қазақстан барысы» республикалық турнирінің Алматы қаласындағы ікірктеу жарысы өз мәресіне жетті. Ақтық сынға жолдама алған 14 спортшы бүгін өзара мықтыны анықтап жүлде үшін таласты.

Сәуір айында қала бойынша әр ауданнан іріктелген сайдың тасындай жігіттер Қазақ циркінде бас қосты. Палуандар қатарында былтырғы «Алматы барысы» Арслан Әбдамит та сынға түсті. Аса тартысты өрбіген алыптар айқасында Арслан өз мықтылығын тағы бір рет дәлелдеді. Финалада ол Бақыт Исламғұловтан басым түсті. Ал үшінші орынды Жайдар Сайлаубаев жеңіп алды. 

«Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу сайыстарына қатысатындар саны жыл санап артуда. Бүгінгі таңда қазақтың төл күресімен 35 мың адам айналысады екен. 

Осылайша, маусым айында өтетін «Қазақстан Барысы» додасының финалында Алматы қаласының намысын Арслан Әбдамит пен Бақыт Исламғұлов қорғайды. «Қазақстан барысы» республикалық төртінші турнирінің ақтық кездесулері алдағы маусым айының 29-да Астана қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;