русский язык
Күрес

Дзюдо. «Үлкен дулыға». Екінші күннің нәтижесі

Дзюдо. «Үлкен дулыға». Екінші күннің нәтижесі

Бакуда өтіп жатқан «Гранд Слэм» сериясындағы халықаралық турнирде ерлер арасында  73 пен 81 келіге дейін салмақта және әйелдер арасында 63 пен 70 келіге дейін салмақта медальдар сарапқа салынды.

Қазақстандық дзюдошылар бұл күні жүлдесіз қалды. 73 келіге дейін салмақта екі отандасымыз Арман Махамбетов пен Бекзат Манасбаев бірінші айналымда қалды. 81 келіге дейін салмақта Әділет Мисин мен Әзиз Қалқаманұлы бірінші айналымнан өткенімен екінші белдесулерінде жеңіліс тапты. 

Әйелер арасында Анар Сейтімова (70 келіге дейін) бірінші кездесуінде-ақ кері қайтты.

Екінші күннің қорытындысы төмендегіей:

Ерлер

73 келіге дейін

1. Саги Муки (Израиль)

2. Флоран Юрани (Франция)

3. Рустам Оруджов (Әзірбайжан)

3. Виктор Скворцов (БАЭ)


 

81 келіге дейін

1. Алан Хубецов (Ресей)

2. Ушанги Маргиани (Грузия)

3. Маммадали Мехдиев (Әзірбайжан)

3. Антуан Валуа-Фортье (Канада)


 

Әйелдер

63 келіге дейін

1. Анн-Лор Беллар (Франция)

2. Катрин Унтервюрцахер (Австрия)

3. Эдвиге Гвенд (Италия)

3. Аника ван Эмден (Нидерланды)


 

70 келіге дейін

1. Ким Поллинг (Нидерланды)

2. Сэлли Конвей (Ұлыбритания)

3. Катаржина Клысь (Польша)

3. Хайде Воллерт (Германия)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;