русский язык
Күрес

Таэквондошыларымыз Непалды бағындырды

Таэквондошыларымыз Непалды бағындырды

Непал астанасы Катманду қаласында таэквондодан (ITF) жасөспірімдер және ересектер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Құрлықтық доданың жүлделеріне 21 мемлекеттен 460 спортшы таласты.

Қазақстан құрамасының қоржынына ең көп медаль алып келген Қарағанды қаласының өкілдері болды. «РRОСПОРТ» тілшісіне ҚР-ның еңбек сіңірген бапкері Валерий Когайдың айтуынша, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы және жүлдегерлері боп Никита Магомадов, Георгий Андросов, Станислав Лим, Максим Илясов пен Александр Кравченко атанды. Ересек спортшылардың арасында Максим Фуға тең келер ешкім болмаған, күміс медальдарды Анжелика Ласкутова мен Евгения Шим жеңіп алды. Біздің спортшылар командалық қорғаныста да үмітімізді ақтады. Зарина Жакиева, Станислав Тин және Максим Фу алтыннан алқа тақты. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық спаррингте үздік атанды, командалық арнаулы техникада «қола» медальды жеңіп алды. Жалпы есепте Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші орынды еншілесе, ересектер үздік үштікті түйіндеді. 8-9 мамырда Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде еліміздің мықты спортшылары қатысатын республикалық дәстүрлі турнир өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;