Бокс

Абель Санчес: Головкин 2-3 жекпе-жекте өзгеріп кете қоймайды

news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жаңа жаттықтырушымен жұмысы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Адамды өзгерту үшін уақыт керек. Бапкер боксшыны екі-үш жекпе-жекте өзгерте алмайды. Ол үшін екі не үш жыл қажет. Сондықтан, қазір ешқандай өзгерістер көрмейсіздер. Біздің де алғашқы үш-төрт жекпе-жегіміз сондай болған. Кейін өз қарқынымызды алдық. Геннадий қажетті нәрсені жасамағаны үшін бапкер кінәлі емес», - деді Санчес.

Айта кетейік, Головкин биыл 9 жыл бірге жұмыс істеген Абель Санчеспен қоштасқан болатын. Қазір ол жаңа бапкер Джонатан Бэнкспен бірге жұмыс істейді. Оның жаттықтыруымен Головкин канадалық Стив Роллсты ұтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер