13 маусым 22:30

Левит «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына» қатысады

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы Василий Левит алдағы ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан VII Халықаралық "Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы" турниріне байланысты өз ойларымен бөлісті. Турнир 15-21 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында өтеді.

Василий, Сіз "Президент Кубогы" турниріне қатысасыз ба? Дайындығыңыз қалай өтуде?

- Иә, қатысамын. Дайындық толықтай жүріп жатыр. 18-27 маусым аралығында Түркияда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Одан кейін Нұр Сұлтандағы ОЖЖ жоспарлануда. Мүмкін ойын тәжірибесі үшін арнайы басқа елдің боксшылары шақырылады. 

Алдағы турнирден қандай үміт күтесіз?

-Ойын барысындағы жақсы ұрыстарды күтемін. Жақсы ойын тәжірибесін алғым келеді. Ұлттық құраманың барлық жігіттері үшін жанкүйер болып алаңдаймын.

Сіздің сүйікті күрес мәнеріңіз қандай және алдағы жарыс барысында пайдаланасыз ба?

- Айқастың ерекше сүйікті үлгісі бар деп айта алмаймын. Бірақ мен мүмкіндігімше жаттықтырушының қойған барлық тапсырмаларын орындауға тырысамын.

Сіздің ойыңызша боксқа кеш келгенге қарамастан чемпион болу мүмкін бе?

-Әрине, мүмкін. Тарих мұны растайды. Боксқа кеш келген көптеген спортшылар бар, уақыт өте келе олар бірқатар биіктіктерге қол жеткізген болатын.

Түпнұсқасы:kfb.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.