Садақшыларымыз Токио Олимпиадасына жолдама алды

Қазақстандық садақ атушылар Нидерландыда өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық сайыста Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.
<span>Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдулин 1/8 финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері АҚШ садақшыларын 6:0 есебімен жеңді. Лицензияны иелену үшін әлем чемпионатының ширек финалына шықса жеткілікті. Соңғы рет командалық сайыста сонау 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарына қатысқан едік.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или