Головкин жекпе-жекке «оян» деген жазумен шықты ма?

Головкин жекпе-жекке «оян» деген жазумен шықты ма?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты төртінші раундта сұлатып түсірген болатын. 

Жекпе-жектен соң халықтың көзіне түскен нәрсе - GGG-дің шолақ шалбарындағы жазуы. Кей жанкүйер жазуды «оян» деп түсінген.

Рrosports.kz тілшісі жанкүйерлердің назарына түскен жазба туралы баяндайды. 

Головкиннің шолақ шалбарында «оян» деген жазба болмады, онда Bijan деп жазылған. Рас, ағылшын әріптерімен жазылған ол «оян» деген сөзге қатты ұқсап кетеді. 

Bijan — GGG киімдерін шығаратын дизайнерлік дүкен. Басты дүкені АҚШ-тың Beverly Hills бутигінде орналасқан. Зығыр мақта және жібек матадан тігілген спорттық киіммен шаршы алаңға шығатын боксшының айтуынша, бұл үлкен бренд. 

Дизайнер Николас Биджан мен GGG бірнеше жыл бұрын Мұхаммад Әлидің қайырымдылық іс-шараларында танысып, таныстығы ерекше достыққа ұласқан. Олардың бір-біріне деген өзара құрметі бар екені анық.

«Біз оның киімдерін тігеміз, өйткені ол джентльмен, кішіпейіл, ол өте талантты және, әрине, шынайы чемпион. Бұл біз үшін үлкен құрмет », - дейді Николас Биджан.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстанда «Мен ояндым» атты акция кең тарап кеткен болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или