Дзюдодан Қазақстан Спартакиадасы аяқталды
Бүгін 9 маусым Орал қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш күнге созылған жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 200-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Кіл мықтылар жиналған жарыстың жекелей сынындаа медаль саны бойынша 3 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен ШҚО командасы көш бастады. Ал 2 алтын, 3 күміс және 2 қола иеленген Алматы қаласының дзюдошылары 2-орынға табан тіреді. Шымкент қаласының татами шеберлері болса 2 алтын, 1 күміс жүлдемен үздік үштікті қорытындылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жазғы Спартакиадасының соңғы күнінде аралас командалық жарыс өтті. Барлығы 15 команда қатысқан командалық сайыста Алматы облысыныңқұрама командасы жеңімпаз атанды. Олар финалдық кездесуде Шымкент қаласының құрамасын 4:3 есебімен ұтты. Ал қола жүлдеге Алматы қаласы мен Атырау облысының спортшылары ие болды.
Назарларыңызға 2019 жылғы Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасының жекелей сайысының нәтижесін ұсынамыз.
Әйелдер:
-48 кг
1.Ақмарал Науатбек (Нұр-Сұлтан)
2.Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)
3.Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)
3.Айгерим Төреғожина (Атырау облысы)
-52 кг
1.Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)
2.Гүлдана Әлмұханбетова (БҚО)
3.Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)
3.Диана Тлеумұратова (Қызылорда облысы)
-57 кг
1.Севара Нишанбаева (Шымкент)
2.Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)
3.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)
3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)
-63 кг
1.Иоланта Бердібекова (Алматы)
2.Алтынай Хаби (Нұр-Сұлтан)
3.Кристина Сотникова (ШҚО)
3.Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)
-70 кг
1.Зере Бектасқызы (ШҚО)
2.Мариан Урдабаева (Алматы)
3.Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)
3.Перизат Жақыпбекова (Түркістан облысы)
-78 кг
1.Альбина Амангельдиева (Шымкент)
2.Назерке Тлеуханова (ШҚО)
3.Динара Құдарова (Қызылорда облысы)
3.Эльмира Самиголаева (Атырау облысы)
+78 кг
1. Назгүл Маратова (СҚО)
2.Нұрғаным Тұршабек (Қызылорда облысы)
3.Саида Капсалыкова (Атырау облысы)
3.Ақерке Рамазанова (Алматы)
Ерлер:
-60 кг
1.Үміталиев Тоқтар (БҚО)
2.Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)
3.Қанат Сейілхан (Атырау облысы)
3.Нұрбол Елубай (Нұр-Сұлтан)
-66 кг
1.Төлеген Нұралиев (ШҚО)
2.Ғұмар Қырғызбаев (Алматы қаласы)
3.Арман Отарбаев (Қарағанды облысы)
3.Сұңғат Жұбатқан (Маңғыстау облысы)
-73 кг
1.Бекәділ Шаймерденов (Жамбыл облысы)
2.Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)
3.Мади Амангелді (Нұр-Сұлтан)
3.Мадияр Сембаев (ШҚО)
-81 кг
1. Қажымұқан Өтеулиев (Жамбыл облысы)
2.Айдын Дартаев (Қарағанды облысы)
3.Бекжан Абдуалиев (Ақтөбе облысы)
3.Дамир Жақсыбек (Алматы)
-90 кг
1.Сұңғат Закарияев (Атырау облысы)
2.Марат Байкамуров (Шымкент)
3.Әділет Миссин (Ақтөбе облысы)
3.Палкин Рега (Қарағанды облысы)
-100 кг
1.Виктор Демьяненко (Алматы қаласы)
2.Арман Қалиев (Атырау облысы)
3.Еламан Қойшыбаев (Ақтөбе облысы)
3.Дінахмет Рысымбек (Алматы облысы)
+100 кг
1.Әділ Оразбаев (ШҚО)
2.Айбек Серікбаев (Қызылорда облысы)
3.Темірлан Көлбай (БҚО)
3.Ерболат Тәшенов (Ақмола облысы)