Қазақ күресі

«Қазақстан Барысы» турнирі тікелей эфирде көрсетіледі

news-banner7
mobile-news-top

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы «Барыс-арена» мұз айдынында ҚР тұңғыш Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді.

Ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін айтқандай, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 балуан белдеседі. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.

«Елордада өтетін сайысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан 8 маусым күні сағат 12:45-тен бастап көруге болады», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер