Күрес

Әлем чемпионатының билеттері сатыла бастады

news-banner7
mobile-news-top

14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатының билеттері сатылымға түсті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған әлем біріншілігінде балуандар жүлдеге ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын да сарапқа салады. Әлем чемпионатында ( олимпиадалық салмақ дәрежелерінде) үздік алтылыққа енген балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады.

Нұр-Сұлтанда күрестің үш түрінен 108 жолдама өз иесін таппақ.

Әлем біріншілігіне билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер