Әлем футболы

ЕЛ финалы: Сасқан Сарри, мазасыз Мхитарян

ЕЛ финалы: Сасқан Сарри, мазасыз Мхитарян
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында Еуропа лигасының финалдық матчы өтеді. Бас жүлдені ағылшын командалары - «Челси» мен «Арсенал» сарапқа салады. Екеуі де Лондоннан. 2014 және 2016 жылдары Чемпиондар лигасының финалында бір қаланың екі клубы («Реал Мадрид» пен «Атлетико Мадрид») кездескені есімізде. Ал Еуропа лигасының тарихында бұндай жағдай бірінші рет болып отыр.

Финалда айқын фаворит пен аутсайдердің болуы екіталай. Жүзден суырылып шығатын шын мықтылар ғана шешуші кездесуге дейін бара алады. Дегенмен, букмекер орталықтары аталмыш ойын «ақсүйектердің» пайдасына шешіледі деп болжам жасап отыр. Бәлкім, АПЛ-дың осы маусымдағы қорытынды кестесінде Маурицио Сарри командасының қарсыластарынан екі саты жоғары орналасқаны оларға басымдылық беріп тұрған шығар.

Унаи Эмеридің командалары кубоктық жарыстарда қалай ойқас салатынын білеміз. «Севилья» бапкері ретінде осы турнирде үш мәрте топ жарды. Еуропа лигасының қожайыны десек те болады. «Арсеналдың» тізгінін ұстаған алғашқы жылда финалға шығарды. Осы ойынның қорытындысы клубтың келесі маусымдағы тағдырын шешкелі отыр. «Арсенал» ішкі біріншілікте алдыңғы төрттік қатарына ене алмады. Кубокты алғаны үшін емес, алдағы маусымдағы Чемпиондар лигасына жолдама алғаны үшін қатты қуанатын шығар команда. Әрине, Сарри жігіттерінің сағын сындырса.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð°ÑÑенал ÑмеÑи лÑказеÑÑ

«Челси» тек трофей үшін таласады. АПЛ-да бірден үшінші орынға қарғып, көптің болжамдарын теріске шығарды. Команда қақпашысы мен бас бапкер арасындағы қыста болған жанжалдан кейін, ұжымның маусымды сәтті аяқтарына сену қиын болған еді. Алайда «Тоттенхэмнің» маусым аяғындағы сүреңсіз нәтижелері мен тақыр жерде тайып жүретін «Арсеналдың» арқасында «Челси» үздік үштікке еніп кетті.

Маурицио Сарри мен Эден Азар үшін бұл матч соңғы болуы мүмкін. Азарды мадридтік «Реал» қайта-қайта қол бұлғап шақырып жатыр. Сарри «Ювентустың» тізгінін ұстайды деген ақпарат көп. Итальян маманы үшін өз жерінде жұмыс істеген әлдеқайда тиімді болса керек. Себебі, Англиядағы қысымға шыдау үшін Моуриньо секілді бірбеткей, Клоптай позитивті немесе Гвардиола сияқты футболмен ғана басы қататын бапкер болуың керек. Эмоцияға жиі ерік беретін жанға Англия аяушылық танытпайды. Дегенмен әдемі қоштасуға мүмкіндік бар. Маусымды трофеймен аяқтаса жанкүйерлер Сарридің біраз қателіктерін кешірері даусыз.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑаÑÑи ÑелÑи кепа
Екі команда сапында да жарақат алып, маңызды матчтан тыс қалған футболшылар бар. «Ақсүйектер» қатарынан Каллам Хадсон-Одои мен Рубен Лофтус-Чик командаға көмектесе алмайды. Ал Н`Голо Кантенің алаңға шығу-шықпауы әлі белгісіз болып тұр. «Арсеналдың» жайы оңып тұрған жоқ. Эктор Бельерин, Роб Холдинг пен Денис Суарес жарақаттанған. Физикалық тұрғыдан сақадай сай болса да Генрих Мхитарян Бакудегі жасыл алаңға шықпайды. Ол, тіпті, Әзербайжанға келген де жоқ. Бұл елдің басшылары жеке бастың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеміз деп уәдені үйіп-төккенімен, армян аяқдопшысы Әзербайжан жеріне аяқ басудан бас тартты.
Осы маусымда «Арсенал» мен «Челсидің» жолдары екі мәрте түйісті. Тамыз айында 3:2 есебімен Сарри командасы басым түссе, қаңтар айындағы ойын 2:0 есебімен «зеңбірекшілер» пайдасына шешілген.
«Арсенал» шабуылдап қана қоймай, қорғаныста да өрескел қателік көп жібереді. «Челсидің» де жағдайы осыған ұқсас. Сарри өз жігіттеріне канонирлерге қарсы жата-жастана қорғаныңдар деп бұйрық бере қоймас. Сондықтан, матч негізгі уақытта аяқталып, бір емес, бірнеше доп көруіміз мүмкін.
«Челси» - «Арсенал» арасында матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 30 мамырда түнгі сағат 01:00-де Әзербайжан астанасы Баку қаласындағы «Олимпийский» стадионында өтеді. Кездесуге италиялық 45 жастағы Джанлука Рокки төрелік етеді.
Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер