Бокс

Головкиннің жаңа бапкеріне не өзгерту қажет

Головкиннің жаңа бапкеріне не өзгерту қажет
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com порталы Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкске қазақстандық боксшымен қалай жұмыс істеген жөн екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бэнкстің міндеті қиын болады – Головкинге жоғары қарқында жұдырықтасуға мәжбүрлеуі керек. Себебі Абель Санчестің қол астында жаттыққан бұрынғы GGG көп уақытын соққыжасар алдынд қарсыласын бақылаумен өткізетін. «Канело» Головкиннің не істегісі келетінін біліп тұрады, сондықтан ол мексикалық боксшыға тосын соққы жасай алмады», - деп жазды портал.

Айта кетейік, сәуірдің аяғында Головкин 9 жыл бойы бірге жұмыс істеген бапкер Абель Санчеспен еңбек келісімін тоқтатқан еді. Ал мамырдың басында жаңа бапкері Джонатан Бэнксты таныстырды.

Естеріңізге салсақ, Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер