Қайпанов пен Қайсанов Италияда бақ сынайды

Қайпанов пен Қайсанов Италияда бақ сынайды

<span>Еркін күрестен Азия чемпиондары Нұрқожа Қайпанов пен Данияр Қайсанов Италияда 22-26 мамырда өтетін халықаралық турнирге қатысады.</span>

<span>Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, еркін күрестен ҚР құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев аталмыш рейтингілік турнирде бақ сынайтын балуандардың есімін жария етті. Атап айтқанда, 61 келі салмақта Жандос Исмаилов пен Расул Қалиев сынға түседі. Сондай-ақ ел намысын Саятбек Оқасов (65 кг), Нұрқожа Қайпанов (70 кг), Данияр Қайсанов (74 кг), Шамиль Мұртазов пен Ғалымжан Өтембаев (79 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кг) және Бақдәулет Әлментай (97 кг) қорғайды. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или