Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

АПЛ: Командалар қанша табыс тапты

АПЛ: Командалар қанша табыс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер лигасының кезекті маусымы аяқталып, «Манчестер Сити» қатарынан екінші жыл чемпион атанды, деп жазады prosports.kz сайты.

Шетел ақпарат құралдары АПЛ-де өнер көрсеткен командалардың осы бір жылда тапқан табысын есептеп шықты. Нәтижесінде, турнирде екінші орын алған «Ливерпульдің» ең табысты команда екені белгілі болды.

АПЛ командаларына арналған сыйақы үш бөлімнен құралады: Телетрансляциядан, АПЛ-де алған орны бойынша сыйақы және АПЛ командаларына арналған тұрақты сыйақы.

Бұның ішіндегі тұрақты сыйақы 20 командаға теңдей беріледі. Мөлшері 79,4 млн фунт. Ал турнирлік кестедегі орны бойынша берілетін сыйақы бірдей емес. Мәселен, чемпион 38,6 млн фунт алады. Келесі командалардың сыйақысы ретімен 1,9 миллионнан азайып отырады. Осы бойынша есептегенде, 20-шы орын алған команда 1,9 млн фунтқа ие болады.

Ал телетрансляция бойынша бөлінетін табыс команданың телекөрермендер мен телеарнада қаншалықты қарсы алуға бөленгеніне байланысты болады. Осы бойынша есептегенде, «Ливерпуль» 33,5 млн фунтқа ие болды. Осы маусымда Юрген Клопп командасының АПЛ-дегі 29 ойыны жергілікті Sky Sports және BT Sport телеарналары арқылы көрсетілген екен. Екінші орында «Манчестер Юнайтед» командасы тұр. Аталған телеарналар «қызыл сойқандардың» 27 ойынын тікелей эфирде көрсеткен.

è±è¶ç§¯åæ¦åå«çå¥éæ°ï¼æ°å­ä¾æ¬¡ä¸ºï¼è½¬æ­åºæ¬¡ã转æ­åæãå次å¥éãç­é¢å¥éãæ»å¥é

Осы үш сыйақыны қосқанда, 2018-19 жылғы маусымда ең көп табыс тапқан команда «Ливерпуль» болды. 149,5 млн фунт. Екінші орында ел чемпионы «Манчестер Сити». Бұлардың табысы 148,1 млн. Тіпті Премьер лигада ең соңғы орын алған «Хаддерсфилдтің» өзі 93,6 млн фунт табыс тапқан.

è±è¶åªè¦ä¿çº§å°±ç¨³æ¿ä¸äº¿è±é以ä¸ï¼é级ä¸éä¹é½æ¥è¿ä¸äº¿è±é

АПЛ командаларының чемпионат қорытындысында алған орны бойынша қол жеткізген сыйақысы:

1. Манчестер Сити - 38,4 млн фунт
2. Ливерпуль - 36,5
3. Челси - 34,6
4. Тоттенхэм - 32,6
5. Арсенал - 30,7
6. Манчестер Юн - 28,8
7. Вулверхэмптон - 26,9
8. Эвертон - 25,0
9. Лестер - 23,1
10. Вест Хэм - 21,1
11. Уотфорд - 19,2
12. Кристал П - 17,3
13. Ньюкасл - 15,4
14. Борнмут - 13,4
15. Бернли - 11,5
16. Саутгемптон - 9,6
17. Брайтон - 7,7
18. Кардифф - 5,8
19. Фулхэм - 3,8
20. Хаддерсфилд - 1,9

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер